Егеменді Қазақстанның тарихында алғаш рет биыл Мәжіліс және маслихат депутаттығына үміткер өзін-өзі ұсына алады. Енді кандидат саяси додаға партиялық ұйымның атынан түсуге міндетті емес. Бұл халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткіземін дейтін әрбір Қазақстан азаматына берілген зор мүмкіндік. Жаңа Қазақстанның негізін қалап, жаңа тәртіппен саяси додада бақ сынаған ел азаматтарының қатарында Молдабек Асқар Ағабекұлы да бар.
Шымкент қалалық маслихат депутатығына үміткер Молдабек Асқар Ағабекұлы Қаратау ауданындағы №11 округінен сайлауға қатысуда. Аталған округке қарасты мекеме, ұйымдардың ұжымдарымен, Бозарық, Тұран 1,2, Тассай, Таскен, Қайтпас-1 тұрғын алаптарының халқымен ауқымды кездесулер өткізілді. Аталған елді мекендерде көтерілген мәселелердің басым бөлігі инфрақұрылым, қоғамдық көлікке қатысты болды.
Бозарық елді мекенінде өткен кездесуде қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Асқар Ағабекұлы сапасы сын көтермейтін жолдар, көшелерді жарықтандыру, электр жарығы, кәріз жүйесі, ауыз сумен қамтамасыз ету, газ, қала іші орталыққа қатынайтын қоғамдық көлік мәселесін шешуге ықпал етуге ат салысатынын жеткізді.
Тұрандықтар болса, сапасы төмен жаңа үйлерді қайта жөндеу, қоғамдық көлік қатынайтын көше жолдарында жол белгілерін орнатуда барлық үміттерін кандидат Асқар Ағабекұлына артуда.
Елге адал қызмет ету өмірлік ұстанымым деген Асқар Молдабек, кездесулерде көтерілген бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды. Қаланың іргесіндегі Тассайда инфрақұрылым жүйесінің сапасын арттыру керек, жолдар бойында қазылған газ құбырының қазындыларынан қалған төмпешіктерді реттеп, балалар ойын алаңдарын салу қажет. Қала іші орталыққа қатынайтын автобустар бағытын кестеге сәйкес қатынауын қадағалау сияқты мәселелерді билікке жеткізіп, шешімін табуына жұмыс жасаймын,- дейді.
Үміткер Таскен, Қайтпас1 елді мекендеріндегі инфрақұрылымға қатысты қордаланған мәселелерден хабардар.
үміткер Асқар Молдабек халықпен кездесіп, сайлауалды бағдарламасымен таныстыруда. Құр уәде беруден аулақпын, қолдау көрсетіп, сайласаңыздар, аманаттарыңызды билікке жеткізіп, мәселелеріңіздің шешілуіне бар күш-жігерімді саламын,- дейді кандидат.
Шымкент қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер А.Молдабектің сайлау қорының Республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді