Қазақстанда цифрландыру бағдарламасының іске асырылуы мемлекеттік қызметтерді, тауар айналымындағы құжаттарды рәсімдеуді оңтайландырды. Мәселен астықты импорттау кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды электронды түрде толтырылуы тексеру процедурасын жеңілдетіп, нәтижесінде шекарадан өту уақыты едәуір қысқарды.
Нұртас Өтетілеуов, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы: «Тасымалдаушы ЕАЭО елдерінен Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армениядан астықты импорттау кезінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ұсынуы қажет. Электрондық шот -фактуралардың ақпараттық жүйесінде жүк иесі тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды электронды түрде толтырады. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне тіркелу мен жұмыс жасау тегін».
Тауарларға арналған ілеспе құжаттар толығымен электронды түрде рәсімделетіндіктен, қағаз құжат айналымы болмайды. Нәтижесінде қағазға, принтерлерге жұмсалатын шығындар, қағаз құжаттарын сақтауға арналған мұрағаттарға жеткізуге және ұстауға жұмсалатын шығындар азаяды.
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын енгізу көлеңкелі тауар айналымының жолын кесу мақсатындағы пәрменді шаралардың бірі болып табылады. Себебі жалған жүк алушыларға, банкроттарға және таратылған тұлғаларға ТІЖ ресімдеу мүмкіндігі болмайды,- дейді сала мамандары.