Биыл 3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

30
Тәуелсіздік алған жылдардан бері ОҚО-ға 188 833 қандас ағайын көшіп келген

Жыл басынан бері 3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

1 наурыздағы жағдай бойынша 3 134 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 110,1 мың этникалық қазақ оралды.
«Жыл басынан Қазақстанға оралған қандастардың жартысы (50%) – Өзбекстаннан, 16,3% – Қытайдан, 15,9% – Ресейден, 8,4% – Түрікменстаннан, 4,5% – Моңғолиядан және 4,9%-і басқа елдерден келген», — делінген хабарламада.
Этникалық қазақтар негізінен Алматы, Маңғыстау, Түркістан және Жамбыл облыстарына, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларына қоныстанды.
Еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%-ті, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,7%-ті және зейнеткерлер 8,2%-ті құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңгейі бойынша 20,1%-і – жоғары білімді, 40,9%-і – орта кәсіби білімді, 35,2%-і – жалпы орта білімді және 3,8%-інің білімі жоқ.