Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының мөлшері белгіленді. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Айтуынша, биыл пітір садақа мөлшері 535 теңге. Бұл еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.
Сонымен қатар, пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады деді бас мүфти.