Банкроттық жариялау қызметі eGov.kz және eGov Mobile қосымшасында қолжетімді. Өтінішті борышкердің өзі ғана бере алады. Бірақ, алдымен мына мәліметтерді тексеру керек:
— банктер, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер алдындағы берешек 5,5 млн теңгеден аспауы тиіс және мерзімі кемінде 12 ай болуы керек;
— ортақ меншікті мүлікті қоса алғанда мүліктің меншік құқығында болмауы;
— банктің немесе микроқаржы ұйымының шарт талаптарын өзгертуден бас тарту туралы жауабын ұсыну керек
— егер қарыз 5 жылдан артық өтелмесе, онда аталған шарттың бірде-бірі ескерілмейді;
— Атаулы әлеуметтік көмек алушылары саналатын борышкерлер 6 ай бойы осы рәсімді қолдану үшін мерзімі өтіп кеткен уақытты есепке алмай өтініш бере алады;
— мобильді азаматтар базасында борышкер мен жұбайының телефон нөмірінің тіркелгенін тексеру керек.