Былтырдан бері төленбеген субсидияның сомасы 26 млрд. теңгеден асады

28

Субсидия мәселесі барлық облыста өзекті. Республика бойынша былтырдан бері шаруаларға төленбеген қаржының жалпы сомасы 26 миллиард теңгеден асады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары «Қолдау» бағдарламасынан жаңа жүйеге көшу жұмыстары толық қашан аяқталатынын өздері де нақты айта алмады. Әйтеуір, шаруаларға тиесілі ақша кезең-кезеңмен беріледі,-дейді.

Дамир Егізбаев, Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы: «Өтінім берген шаруалардың барлығына субсидиясы төленеді. Бұл шаруаның шығының өтеп беру деген сөз. «Қолдау» бағдарламасын жасаған кезде де осындай түсініспеушіліктер болған. Үйреніп кетеді. Ауыл шаруашылық басқармалары бар. Шаруалардың өздеріне де онлайн, офлайн түрде үйретіп жатырмыз».