DILDOR сән үйінің эксклюзивті топтамасы Мәскеуде

54

Шымкенттік дизайнер Дилдор Ерметова Мәскеуден ерекше шабытпен оралды. Себебі онда, «Dildor» сән үйі ұсынған эксклюзивті заттар топтамасы сән қауымдастығының ерекше назарын аударып, құрметке бөленді. Шымкенттік шебердің қайталанбас туындылары жақында Амстердам, Париж және Миланда көрсетілмек.

Мәскеудегі көрсетілімде DILDOR сән үйінің эксклюзивті сырт киімдер топтамасы ұсынылды. Мұндағы әрбір бұйым қайталанбас дүние. Ерекше жеңіл мата, кәсіби талғаммен таңдалған киімдердің үлгісі мен түсі талғампаз сәнгерлерді шабыттандырды.

Дилдор Ерметова, DILDOR сән үйінің негізін қалаушы: «Мәскеудегі көрсетілімнен керемет әсер алдым. Мұндай қабылдау болады деп ойламаппын. Біздің топтаманың көрсетілімі жоғары деңгейде, үйлесімді болды. Модельдер киген заттардың эксклюзивтігін көрсете білді. Барлығы жарасымды, керемет болды. Маған Волочкова ұнады, оны қазақстандық Волочкова деп атайды екен. Гуардың ассистенті белгілі блогер Акадыр көрсетілімге қатысып белсенділік танытты».

Сән көрсетілімінде ұсынылған жиырмаға жуық бұйымдардың әрқайсысы эксклюзивті және шымкенттік шебер-сәнгер Дилдор Ерметованың қолымен жасалған. Көпшіліктің көңілінен шыққан сәтті көрсетілім топтамамызға сән қауымдастығының назар аударып, іскерлік қарым қатыс орнатуға көптеген ұсыныстар түсуде», — дейді дизайнер .

Дильдор Ерметова, DILDOR сән үйінің негізін қалаушы: «МТВ бізді байқады, 23 наурызда қонаққа шақырды. Біз бұл ұсынысты қарастырудамыз. Алматыдағы ЕсентаймМОLL шақырту жіберді. Онда бәсекелестік өте жоғары. Қатысушылар іріктеліп алынады, және оларға жоғары талап қойылады. Бір сөзбен айтқанда басқа деңгейге шығуға дайын адамдар таңдалып алынады».

Жақында Амстердамда DILDOR сән үйінің эксклюзивті заттар жинағы көрсетіледі. Дилдор Ерметова Париж бен Миланды мойындатуға ниетті. Тәжірибелі дизайнер өзіне және сүйікті ісіне кенеді. Себебі оны барлық жағынан қолдайтын отбасы және кәсіпқой тобы бар.

DILDOR сән үйі: Шымкент қаласы, Майлы Қожа көшесі, 88.
Телефон: 8 771 999 89