Кәсіпорындар жалақы берешегін өтеді

46

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 8 мыңға жуық жұмысшының құқығын қорғады. Оларға 1,3 миллиард теңге жалақы берешегі өтелді, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Биыл 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 175 кәсіпорынның 10 мың жұмысшының алдында 1,7 млрд теңгеден астам жалақы бойынша берешегі барын анықтады.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 189 нұсқама беріліп, 24,6 млн теңгеден астам айыппұл салынды.