Úı ANONS Мамандар банк картасында аса ірі көлемде қаражат ұстамауға кеңес береді 

Мамандар банк картасында аса ірі көлемде қаражат ұстамауға кеңес береді 

фото 24.кз

Абайсызда алаяқтарға ақша аударып, бармақ тістеп қалған азаматтар ол қаржыны қалай қайтара алады? Бұл туралы Fingramota.kz порталының сарапшылары кеңес берді.

Алдымен банкке хабарласып, арыз жазу керек. Егер операция орындалу үстінде болса, оны тоқтатуға болады. Бұған бірнеше сағаттан 60 күнге дейін уақыт кетуі мүмкін. Ал аударым жасалып қойса, құқық қорғау органдарына хабарласу керек.

Жәбірленуші азаматтық кодекстің 9-бабы бойынша сотқа жүгіне алады. Алаяқтардың құрған торына түспеу үшін шотыңыздағы барлық аударым мен операциялар туралы SMS хабарландыру қызметін қосып алыңыз. Сондай-ақ, мамандар банк картасында аса ірі көлемде қаражат ұстамауға кеңес береді.

Exit mobile version