Мәслихатқа партиялық тізіммен 67 үміткер, өзін -өзі ұсынған 100 үміткер сайлауға түседі

55

Бүгін, 17 наурызда  сағат 00:00-де сайлауалды үгіт жұмыстары кезеңі аяқталады. Ертең, 18 наурызда және дауыс беру күні – 19 наурызда кез келген үгіт жүргізуге тыйым салынады («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 32-бабы).

Шымкент қалалық  аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаевтың берген мәліметі бойынша Шымкент қалалық мәслихатындағы  16 орынға партиялық тізіммен 67 үміткер додаға түседі.  Қазақстан халық партиясының үміткері декаларцияда алшақтық орын алып, тіркеуден алынды;

қалған 16 орынға  бір мандаттық округ бойынша өзін-өзі ұсынған 100 кандидат  сайлауда  бақ сынайды

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қалалық мәслихаты 32 депутаттан жасақталады

Мәжіліс депутаттығына Шымкент қаласында  №6 және 7 округ бойынша 15 үміткер күреседі, олардың 8-уі №6 округтен , 7-і №7-ші округтен.