Бабалар рухына құран бағыштап, туған жеріне тағзым еткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Оралбек Ботбай Бәйдібек ауданы халқымен кездесті. Бас қосу барысында кандидат жиналған қауымды сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Зухра Медеуқызы, Қазақстан халық партиясының Түркістан облысы бойынша филиалы төрайымы: «Біз парламент мәжілісіне жерлестеріңіз, бауырларыңыз Ботбай Оралбек Қожамжарұлын ұсынып отырмыз. Бір мандаттық жүйе бойынша. Әрине, адамның табиғаты өзі өскен ортасына байланысты дамиды дейді. Мен сіздердің табиғаттарыңызды көріп тамсанып келе жатырмын. «Таудың баласы тауға қарап өседі» дейді, таудай үлкен арманы бар осындай азамат осы Халық партиясының атынан Парламентте Түркістанның мұңын мұңдап,жоғын жоқтап, халыққа қажетті заңдардың қабылдануына ат салысамын деп отыр».
Рақым Найманбай, Бәйдібек ауданының тұрғыны: «Оралбек қиыншылық көрген адам Ауылдың жағдайын білетін адам. Ауылға депутат болмаса да, жәрдем беріп жүрген адам. Халықтың арасынан сайлау керек».
Ел ағасы өскелең ұрпақтың білім алуына, ой-өрісінің жетілуіне де ат салысып келеді. Ол биыл ауылдағы білімге құштар балаларды Англияға жібермек.
Оралбек Ботбай, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер: «Мен бұл сайлаудан өтпей қалсам да, қолымнан келген жақсылығымды аямаймын ауылдан, соны түсініңіздер. Ал өтіп жатсам, мен бүкіл өкіметтегі «бюджет» қаржы мәселесін бір бұрышын осы ауылыма құйғызсам деген бірінші шартым. Болашағамызға жұмыс істейік. Соған белсене қатысамын. Уәдемді орындаймын, Жобаларым бар».
ҚР ПМ депутаттығына үміткер О. Ботбайдың сайлауалды қорынан төленді