Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы Рамазан айының қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жариялады.
«Кәсіпкер азаматтар мен сауда орталықтарының басшыларын қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын 10 пайызға дейін арзандатуға үндейміз. Жақсы амалдарыңыз өздеріңізе еселеп қайтсын», — деді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұл брифингте.
Естеріңізге сала кетейік, Рамазан айы биыл 23 наурызда басталады. 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түні Қадір түні болады. Ал Ораза айт 21 сәуірде болады.