Өңірлерде 655 алғашқы медициналық санитарлық көмек нысаны салынады

67

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың мәліметінше, ауылдағы медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасың аясында өңірлерде 655 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанын, оның ішінде 253 медициналық пункт, 242 фельдшерлік-акушерлік пункт және 160 дәрігерлік амбулатория салу көзделіп отыр.

«32 көпбейінді орталық аудандық аурухананы жаңғырту жоспарланып отыр. Онда инсульт орталықтары, кардиология, жан сақтау және оңалту бөлімшелері ашылып, олар КТ, МРТ, УДЗ, ӨЖЖ аппараттарымен жарақтандырылмақ», — деді министр. Сонымен қатар ауылдық денсаулық сақтау объектілері үшін 1 100 медицина қызметкері даярланады.