Перинатальдық орталыққа сайлау жәшіктері жеткізілді

28

 

Елімізде күндізгі сағат 16.00-дегі жағдай бойынша, тізімге енгізілген сайлаушылардың 51,98 пайызы сайлау бюллетендерін алған. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының деп хабарлады. Ал Шымкентте қалалық перинаталдық орталықтағы аналар да саяси науқаннан қалыс қалмай, өз дауыстарын берді.

№230 сайлау учаскесі бойынша комиссия мүшелері босанған аналардың палатасына сайлау жәшіктерін жеткізді. Орталық қызметкерлерінің мәліметінше, дауыс беретін аналардың саны – 70. Оның 58-і босанған аналар.