«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС ұжымы көгалдандыру акциясын ұйымдастырды. Іс шара барысында зауыттың ішкі аумағында, санитарлық қорғау аймағында көшеттер отырғызылды.
200 дана көшет Бадам-2 елдімекенінің белсенділеріне табыс етілді. Сенбілікке қатысушылар, жасыл желек қала аумағын көгалдандырып қана қоймай, қоршаған орта-экологияның жасқаруына ықпал етеді,- дейді
Нұргүл Жолдасбекова, «ПКОП» ЖШС Табиғатты қорғау бөлімі басшысының МУА: «Қаламызды көгалданыру жасыл желекке айналдыру Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына ауқымды көгалдандыру жөніндегі жыл сайынғы Жолдауындағы тапсырмасы аясында, қаланың тазалығын сақтау үшін және табиғатты, оның сұлулығы мен қайнар көзін сақтау мақсатында ағаш көшеттері егілді»
Кәсіпорын 2020 жылдан бері Шымкенттің жайлы қалалық ортаны дамыту басқармасының «Жасыл белдеу» мекемесімен бірлесіп, зауыттың санитарлық-қорғау аймағында 1 мыңнан астам көшет отырғызды. «2023-2026 жылдарға арналған табиғатты қорғау іс шараларының жоспары» жобасына сәйкес «ПКОП» ЖШС 2026 жылға дейін санитарлық-қорғау аймағында жыл сайын 500 дана көшет егу міндетін алған. Бұдан бөлек, 200 көшет Бадам-2 елдімекенінің белсенділеріне үлестірілді.
«Мен өзім Бадам -2 ауылында тұрамын Бүгін отырғызылған ағаштарға қараймыз сұғарамыз, өсіреміз» – дейді «ПКОП» ЖШС -нің қызметкері Әлібек Әуесхан.
Акцияға қатысушылар отырғызылған әрбір көшет жерсініп, жетіліп айналаны көгалдандырып қана қоймай, оттегімен қамтамасыз етеді деген сенімде