Денсаулық сақтау қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосуда

 

 

Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы  аясында   ауқымды шара жалғасуда.  Қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты медицина ұйымдарының қызметкерлері игі бастаманы  қолдап, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты.

Акция аясында бекітілген аумақтарда тазалық және ағаш көшеттерін егу жұмыстары жүргізіліп, ағаштар әктелініп, аяқ жолдар қоқыстан тазартылды.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясындағы  «Киелі мекен» апталығы аясында  медицина қызметкерлері «Қасірет» мемориалы,  Ж.Тәшенов ескерткіші және Shymqala этно-тарихи кешенінің аумағына барып,  абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, қоқыстан тазалап шықты.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты медицина ұйымдарының қызметкерлері игі бастаманы  қолдап, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты. Күні кеше №2 қалалық аурухана қызметкерлері “Қасірет” мемориалы аумағына барып, абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, қоқыстан тазалап шықты.

Сондай-ақ Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының қызметкерлері қаладағы Ж.Тәшенов ескерткіш аумағында  тазалау жұмыстары жүргізіп,қоқыстан тазартты.

Жуырда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Қалалық диагностикалық орталықтың медициналық қызметкерлері тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Абай» саябағы ішіндегі ескерткіштерінің аумағын тазалау жұмыстары жүргізілді. ШЖҚ «№2 қалалық емхана» ШЖҚ-ның белсенді қызметкерлері  «Киелі мекен» апталығына орай Шәмші Қалдаяковтың тарихи-мәдени ескерткішіне және айналасындағы  аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Одан бөлек, «Таза Қазақстан» акциясы аясында мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдардан 1975 қызметкер қатысып, 5080 шаршы метр іргелес аумақ тазартылды. 125 бұта мен 223 ағаш көшеті отырғызылды, 196 ағаштың түбі әктеліп, ғимаратты, қоршауларды, қақпаларды және үй ішінде эстетикалық көрініске келтіру жұмыстары жүргізілді. Жалпы тазалық жұмыстарына  27 бірлік техника жұмылдырылған.

Денсаулық сақшылары ел аумағында өткізіліп жатқан ауқымды акцияға біркісідей атсалысып, жұмыла кірісті. Қай уақытта да медицина ұжымдары мұндай қоғамдық жұмыстардан шет қалған емес. Медицина мекемелері аумағын ұдайы тазалықта ұстаудан бөлек, акция барысында қала аймағындағы қоғамдық орындарды тазалау жұмыстарына да белсене қатысты.