«Прокуратура арқылы үйім өзіме қалды»: Көпбалалы ана алғысын білдірді

38

Еңбекші ауданының тұрғыны, көпбалалы ана Гүлжауһар Қабылбекова 4 жылдан бері шеше алмай келе жатқан мәселемді прокуратура 1 айда шешіп берді дейді. Сөзінше, көршісімен арасында дау туындап, сот арқылы үй бұзылуға шақ қалған. Балаларыммен көшеде қалдым деп күдер үзген анаға Еңбекші аудандық прокуратура өкілдері жәрдемдесті.

Іске өздері араласып, жер мен үйді әйелдің меншігінде қалдырыпты. 4 баланың анасы проблеманың оңтайлы шешілгеніне қуанып, прокурорларға алғыс білдірді.

Гүлжауһар Қабылбекова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Үйім сносқа кеткен еді. 4 баламен көшеде қалуға сәл қалды. Мен адал сатып алушы болып тұрып, сот заңсыз шешім қабылады. 4 жылдан бері жүріп, қайда барарымды білмедім. Басында прокуратураға баруым керек екен. Прокуратураның арқасында үйім бұзылмады. Бәрі жақсы шешілді. Мен үлкен алғысымды айтамын».