Қазақ-өзбек шекарасы шегенделді

122
Қазақ-өзбек шекарасы, Ынтымақ ауылы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-өзбек шекарасын шегендеу туралы заңға қол қойды. Екі ел арасындағы шекараны демаркациялау бойынша келіссөздер 2003 жылы басталған еді.

Ал шекаралық белгілерді орнату жұмыстары 2004 жылдан 2021 жылға дейін жүргізілді. Айта кетейік, демаркациялау кезінде қазақ- өзбек шекарасының ұзындығы бес шақырымға ұзарған.