Қазақстандықтар 2022 жылы Түркиядан ең көп баспана алған 5 елдің қатарында. Мұндай мәліметті Түркия статистика басқармасы таратты. Ақпаратқа сай өткен жылы отандастарымыз түрік елінен 2702 пәтер сатып алған.
Қазақстандықтар үйді негізінен Анталия мен Ыстамбұл қалаларынан таңдапты. Ал Түркиядан ең көп үй алған елдердің басында Ресей тұр. Көрші елдің азаматтары былтыр Анадолыдан 16 мыңнан аса пәтер алған. Одан кейін Иран, Ирак және Германия азаматтары. Статистика бойынша, қазақстандықтар ең көп пәтерді маусым айында сатып алған. Бір айда 318 үй.
Жалпы Қазақстан азаматтарының Түркиядан баспана алу тенденциясы 2020 жылғы пандемия тұсында басталған. Мамандар бұған сол тұстағы баспана бағаларының төмен болуы әсер етті,- дейді.