Қазақстанның балық өнімі ЕуроОдақ елдеріне экспортталады

19
Балық шаруашылығын дамытуға мүмкіндік бар

Ауыл шаруашылығы министрлігі 15 наурыздан бастап  Еуропалық комиссия қазақстандық балық кәсіпорындарын Еуропалық одақ елдеріне өнімдерін экспорттау құқығына компаниялардың тізіміне енгізу рәсімін қайта бастап жатқанын хабарлады.

Қазақстандық ветеринариялық бақылау жүйесіне деген сенімді қалпына келтіру туралы тиісті хат ауыл шаруашылығы министрлігіне жолданды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Осылайша ЕО елдеріне өз өнімдерін экспорттау құқығына ие болатын отандық кәсіпорындардың тізімі кеңейтіледі. Бүгінгі таңда бұл тізімде 17 қазақстандық компания бар.