Саяси науқан күні қала тұрғандарын тегін қоғамдық көлік қызметі қуантты. Бүгін шымкенттіктер таңнан кешке деген төлем картасын қолданбастан, қалаған жеріне бара алады.
Шымкентте қоғамдық көліктер тегін жүріп жатыр. валидаторлар қосулы тұрғанмен төлем картасын қабылдамайды. осылайша транспорт басқармасы қала тұрғындарына жеңілдік жасауды ұйғарған.
Бүгін мегаполистік автобустарда әнұран мен түрлі музыкалар ойнап тұрғындарға жағымды көңіл-күй сыйлады. Қала халқының бірі қоғамдық көлік жұмысқа бару үшін қолданса, енді бірі саяси науқанда өз таңдауын жасауға бара жатыр. Олардың бәрі көліктерде тегін жүріп-тұрғанына дән ризашылығын білдірді.
«Азанғы сағат 7-де барып, дауыс бердім. Биыл үгіт-насихат жақсы жүрді. Ауылдық жерлерге келіп, мәселелерін шешуге көмектесемін дегендер болды. ризамыз»
«Автобустың тегін болғаны жақсы ғой. Бүкіл қазақ халқына жақсы. Тегіннен ешкім бастартпайды. Жұмысқа бара жатқандарға, тұрғындарға, тіпті сауда орындарына бара жатқандарға да өте тиімді».
«Тегін жүретінімді автобусқа мінген кезде естідім. Басында қуанышты болдым. Бірақ әр нәрсенің хақысы бар ғой беру керек. Дауыс беруге түстен кейін барамын» — дейді қала тұрғындары.
Қоғамдық көлік жүргізушілері таңсәріден бастап сақадай сай өз жұмысына кірісті. 12 жылдық қызмет өтілі бар Бағдат Салықбаев кешкі сағат 21:30-дейін халыққа қызмет көрсететінін айтады. Ал түскі үзіліс кезінде Сәуле шағынауданынадағы өз сайлау учаскесіне барып, дауыс бермек.
Бағдат Салықбаев, қоғамдық көлік жүргізушісі: «Бүгін жол тегін екенін айтып жатырмыз. Білмейтіндері бар, қуанып түсіп қалып жатыр. Құдай қаласа еліміз үшін жақсы өзгеріс болатынына сенеміз. Алда бәрі жақсы болады деп ойлаймын»
Ел үшін аса маңызды науқан күні автобустар 77 бағыт бойынша қатынайды. Олар бекітілген демалыс күнгі кесте бойынша жұмыс істейді.