Республикалық бюджеттің шығыстары 2 трлн. 200 млрд. теңгеге артпақ

109
фото Ұлт.кз

Биыл республикалық бюджеттің шығыстары 2 триллион 200 миллиард теңгеге артпақ. Мұндай мәлімет 2023-жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын Сенатта таныстыру кезінде айтылды.

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтың сөзінше президенттің сайлауалды бағдарламасы мен жолдауда берген тапсырмаларын іске асыру үшін шығыстарды арттыруға тура келген. 800 миллиард теңге Ұлттық қордан алынбақ.

Қосымша бөлінетін бұл қаржыға ауылдарға су тартып, өңірлердің инфрақұрылымын арттыру, жылу желілерін жаңғырту көзделген. Білім мен денсаулық сақтау саласын дамытуға және өзге де бірнеше бағытқа қомақты қаражат жұмсалады.