Резидентурада білім алу гранты жыл сайын 70% артады

37

2023-2025 жылдары резидентурада білім алуға 4 мыңға жуық грант бөлінеді. Жалпы үш жылда гранттар санын жыл сайын 70 пайызға арттыру жоспарланған. Грант жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылады.

Бастама «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылмақ. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгінов мәлімдеді. Одан бөлек медицина саласында кадрларды даярлау жұмыстары жалғасын тауып, Үкіметтің тұрақты бақылауында болатынын айтты.