Сайлауда Кентаудың ақ әжелері көже таратты

45

 

Кентау қалалық ардагерлер ұйымы жанынан құрылған «Әжелер алқасының» төрайымы Роза Жұмабаева бастаған ақ әжелер, сайлау учаськесіне келіп көпшілікті Наурыз мерекесімен құттықтады.

Сайлау учаськесіндегі бақылаушылар мен дауыс берушілерге ұлттық тағамдар таратты. Ақ кимешек киіп, ұлттық құндылығымызды дәріптеген аналар көпшілікке наурыз көже, бауырсақ, құрт- ірімшік үйлестірді.

«Баршаңызды бүгінгі еліміз үшін маңызды сайлаудың бастау алуымен және Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Ел үшін қызмет ететін адамдарды таңдау, ел болашағының жарқыны. Сол себепті де бұл күн маңызды, әрі еліміз үшін мереке. Елімізде тек жақсылықтар орнасын», деп Роза әжеміз ақ батасын берді.

Айта кетейік, Кентау қаласында 35 сайлау учаскесі жұмыс жасауда. Жалпы, 56 172 сайлаушы дауыс береді деп күтілуде.