Сарыағашта заңсыз ойын бизнесінің 8 дерегі анықталды

68

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сарыағаш қаласында ойын бизнесін ұйымдастырудың 8 дерегін анықтап, қызметіне тосқауыл қойды.

Нақтырақ айтсақ, жедел уәкілдер арнайы операция нәтижесінде сотты болғанына қарамастан, қайта қылмыс жасап, заңсыз ойын бизнесін, яғни «электронды казино» ұйымдастырған Сарыағаш ауданының 2 тұрғынын анықтады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, бір ғана мекеменің заңсыз қызметінен ай сайын миллион теңгеден астам табыс түскен.
Ойын мекемелері мен ұйымдастырушыларының тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде, аппараттық-бағдарламалық кешендер, техникалық құрылғылар, құжаттар, ақшалай қаражат және басқа да заттай дәлелдемелер алынды.
Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша ҚР ҚК-нің 307-бабы «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде осы қылмысты жасауға қатысы бар өзге адамдардың кінәсі анықталады. Оқиғаның толық мән-жайы тексерілуде.