Шетел азаматы шекарадан 14 келі есірткі алып өтпек болған

79

Сарыағашта шекарадан 14 кг есірткі затын алып өтпек болған азамат құрықталды. Ол Өзбекстаннан Қазақстанға бағыт алған.

Тыйым салынған шөпті күлікті көлігінің жанармай багына жасырып қойған. Тексеріс барысында автокөлікте 5 кг героин, 5 кг гашиш, 2 кг жуық синтетикалық есірткі, 792 грамм апиын бар екені анықталды.

Іс ҚР ҚК 297 бабы 3 тармағы бойынша тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.