Шымкентте 1 апта ішінде 3 мыңнан аса қылмыс тіркелді

32

Шымкентте 20 мен 26-ақпан аралығында «102» арнасына 7314 қоңырау келіп түскен. Оның 3327-і тіркеуге алынып, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ал камераның көмегімен 17 қылмыс әшкереленген. Атап айтқанда 8 ұрлық, 1 бұзақылық, 1 қарақшылық, 2 тонау және 5 әр түрлі типті қылмыс тіркелді. Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1234 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылған.

Оның 292-не нөлдік төзімділік бойынша хаттама түзілсе, ал жол ережесін бұзған – 516, басқа да құқық бұзушылыққа барған 204 жайт анықталды.