Шымкентте 350-ге жуық жаяу жүргіншіге айыппұл салынды

32

Шымкентте жыл басынан бері жол ережесін бұзған 350-ге жуық жаяу жүргіншіге айыппұл салынды. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 2023 жылдың 1-шң қаңтарынан бастап арнайы жаяу жүргіншілер жолағынан емес, жолдың кез келген бөлігінен кесіп өткен 348 азаматты анықтап, заңға сәйкес әкімшілік хаттама толтырды.

Аталған жаяу жүргіншілер Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 615-бабымен жауапкершілікке тартылды. Заңнамаға сәйкес бұл құқықбұзушылық 2 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуға әкеп соғады.