Шымкентте 591 азаматтың тұрғын үй ақысын субсидиялауға өтініші қабылданды. Оның 380-і Отбасы банкпен келісім шарт түзіп үлгерді.
Оларға мемлекет тарапынан тұрғын үй жалдау ақысының 50 пайызы аударылды. Бұл жеңілдікке пәтер кезегіндегі 1 және 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар немесе балалар, оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылғандар, көп балалы отбасы ие бола алады.
Айта кетейік, өтінім берушінің соңғы 6 айдағы табысы адам басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс.