Шымкентте әлеуметтік ұн саудасында 69 млн. жуық теңгені қалтаға басқан. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.
Тексеріс барысында 3 мың тонна 1 сұрыпты ұн өткізу кезінде жалған ақпарат көрсеткені анықталды. Қазір жауапты мамандарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жүріп жатыр.
Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА баспасөз қызметінің өкілі: “Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қызметкерлері: «Шымкент ӘКК» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Қалалық МІАД аудиторының қорытындысына сәйкес келтірілген залал сомасы 68 млн. 800 мың теңгені құрады. Тергеу жалғасуда”.