Шымкентте бір миллион бауырсақ пен құрт таратылды

154

Үшінші мегаполисте Алғыс айту күні ерекше тойланып жүр. Жыл сайын жаңашылдық енгізіліп, ерекше форматта өткізу үрдіс алған. Шымқаланың бірнеше нүктесінде тұрғындарға бауырсақ пен құрт таратылуда.

Қара қазанға пісірілген ыстық бауырсақтан ауыз тиюшілердің қатары аз емес. Ал өреде жаңадан жайылған құртты әуестікпен дәм татушылар да көп. Одан бөлек көктем мерекесінің нышаны наурыз көже де арнайы дайындалған.

«Шымқала» этноауылында арнайы арба жегілген атпен ыстық бауырсақ пен құрт таратылды. Ұлттық тағамнан дәм татқан шымкенттіктер дән риза.