Шымкентте екі айда 280 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді

28

Шымкентте жыл басынан бері “Қорғау” бағдарламасы арқылы 274 911 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Жалған мемлекеттік нөмір тағып жүрген – 89, автокөлік терезесін күңгірттеп алған – 7315, тиісті рұқсатынсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 2098 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұдан бөлек, қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 683, бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кеткен – 1914, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 1365, мас халде көлік басқарған – 200, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 1326 жүргізуші белгілі болды.

Сондай-ақ, басқару құқығынан айырылған – 69, өзге де құқық бұзушылықтар бойынша – 259 853 хаттама толтырылып, 6628 автокөлік айыптұраққа жеткізілді.