Шымкентте есірткі қоюшы қыз ұсталды

97

Қалалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын таратпақшы болған 26 жастағы әйел азаматшаны құрықтады.

Тексеру барысында аталған азаматшаның қалтасынан жасырын орындарға тығу жоспарланған есірткі заттары салынған жалпы 8 дана полиэтиленді орамалар тәркіленіп алынды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат есірткінің синтетикалық түріне жататыны нақтыланып, жалпы салмағы 300 грамды құраған.
Ұсталған азаматша аталған есірткі заттарын өткізу мақсатында қала аумағында жасырын орындарға тығып кетпекші болған.
Бүгінде аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда.
Полиция қызметкерлері есірткіні өткізумен байланысты қылмыстар ауыр санаттағылар қатарына жататынын ескертеді.