Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жолдарды қалпына келтіру бойынша жиын өткізді. Жиында қала көшелерінің қазіргі ақуалы талқыланып, жоспар пысықталды.
Мегаполис әкімі осыған дейін жолдың сапасын арттыру мақсатында арнайы мониторинг жасап, жауаптыларға туындаған мәселелер шешілсін деп тапсырма берген еді. Талдау нәтижесінде анықталған тозығы жеткен 50 көшенің 20-сына биыл жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Олардың ішінде магистраль мен ішкі орам көшелер де бар. Ал мониторинг тізіміндегі қалған жолдар алдағы жылдары кезең-кезеңмен қалпына келтіріледі.