9 наурыз күні сағат 23:00 шамасында полицияға В.Терешкова көшесіндегі «Шынар» дүкеніне «бомба» қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті, — деп хабарлайды ОТЫРАР.
Белгілі болғандай, бұл оқу-жаттығу өткізу шарасы болып шықты. Оқиға орнына шұғыл түрде қаланың арнайы және жедел қызметтері: полиция, құтқарушылар, кинологтар, өрт сөндірушілер, жедел жәрдем бригадалары, жедел-тергеу топтары жіберілді.
Мамандар адамдарды эвакуациялады, жолды қоршауға алды. Тәртіп сақшылары лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабар үшін шабуылдаушы ұсталса, ірі көлемде айыппұл, түзеу жұмыстарына, шектеуге немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескертеді.