Шымкенттік дәрігер жүрегі тоқтаған сәбиді аман алып қалды

62

Үшінші мегаполистік ақ қалаттылар жүрегі тоқтап қалған нәрестені аман алып қалды. Білікті маман №2 Шымкент қалалық ауруханасының дәрігері.

Сәби ана сүтіне тұншығып қалған. Салдарынан сүт өкпеге түсіп, бірден баланың тыныс алуы тоқтапты. Ал анестезиолог-реаниматолог маман шұғыл түрде ауыз қуысын санациялап, нәрестенің жүрегіне массаж жасаған.

Бірден өкпесін интубациялық түтікше арқылы жасанды тыныс алу апаратына қосқан. Қазір баланың жағдайы жақсы.

Асхат Жақыбаев, ШҚА №2 ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, анестезиолог-реаниматолог дәрігер: “Бала аспекциядан клиникалық өлім жағдайына жеткен. Ауа жетпегендіктен жүрегі тоқтап қалыпты. Ауыз қусын санациялаудан бастап, реанимацияға дайындық жасадым. Жасанды тыныстандыру аппаратына қосу арқылы 5-6 минуттың ішінде тыныс қайта қалпына келді».