Шымкент прокурорлары 200 түп көшет отырғызды

50

Наурыз мерекесіне орай Шымкент қаласы прокуратурасының ұжымы «Шымсая» шатқалында ағаш отырғызды. Іс-шара «Таза табиғат» акциясы аясында ұйымдастырылды.

Шара мақсаты үшінші мегаполисті көркейту, көгалдандыру, табиғатты аялау. Сонымен қатар игі істері арқылы жас ұрпаққа үлгі көрсетуді көздейді. Айта кетейік, прокурорлар қала саябағына 200 түп жас көшет екті.