Созақтық спортшылары Грэпплингтен ҚР Чемпионатында жеңімпаз атанды. Өңірден 4 салмақ дәрежесінде 7 спортшы қатысты.
Атап айтқанда аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Ерғараев Қуандық 71 келі салмақта 3-орын иеленді. Жеңісті жолды жалғаған 130 келі салмақтағы балуан Беркінбаев Жазылбек 2 орыннан көрінді.
Ал Оспанов Дәурен Грэпплинг ноу ги-ден 2-орын алса, ги түрінен 3-орынға табан тіреді. Сонымен қатар Тасқынов Нағашбек 3-орынға місе тұтты.