Транзиттік жүктің еліміз арқылы өту мерзімі қысқарады

29
фото Егемен

Транскаспий халықаралық көлік бағытында транзиттік жүктің өту мерзімі 12-ден 6 күнге қысқарды. Биыл бұл көрсеткішті бес күнге дейін азайту жоспарда тұр. Жалпы Қытайдан Қара теңіздегі порттарға жүк жеткізу мерзімі 53-тен 23 күнге дейін азайды.

Жыл соңына қарай 14-18 күнге қысқаруы тиіс. Бұл жайында Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Кеңесте айтылды. Жиында Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын жаңғырту, Ақтау портында контейнерлік хаб құру, қайта тиеу техникасы мен мұнай құю айлақтарын қалпына келтіру жайы талқыланды.

Құрық портында жаңа айлақ салу, көпфункционалды және астық терминалдарын іске қосу жоспарда тұрғаны айтылды. 2030 жылға қарай Каспийде 10 мұнай құю баржасы, 8 паром, 6 танкер және контейнерлік кеме жұмыс істей бастайды.