Түркістан қаласында 2023-2025 жылдар аралығында 169 жаңа жұмыс орнын құрайтын 4 жоба іске асырылады. Құны 3 млрд. теңгелік жоба темірбетон бұйымдары, темір және ағаштан есік жасау, асфальтты бетон өндіруге бағытталған.
Қазірдің өзінде Түркістан индустриалды аймағында 1330 жұмыс орнын құрайтын 27 жоба орналасқан. Жалпы құны – 13,01 млрд. теңге. Оның ішінде жалпы сомасы 8,564 млрд. теңгені құрайтын 19 жоба іске қосу актісін алған.
Айта кетейік, биыл жоспарлы көрсеткіштің орындалуы бойынша өңдеу өнеркәсібі саласында 54 жұмыс орнын құрайтын 3 жоба іске қосылды.