Түркістан-Кентау тас жолында шетелдік көліктен шолақ мылтық табылды

46

Түркістанда шетелдік көліктен шолақ мылтық табылды. Саурандық тәртіп сақшылары Түркістан-Кентау тас жолы бойынан күмәнді шетелдік нөмірлі «ВАЗ-2114» маркалы көлікті тоқтатқан.

Тінту кезінде көліктің жүк салғышынан қос ұңғылы, 16 калибрлі шолақ мылтық тапты. Тәркіленіп алынған қаруға қатысты сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді.

Қазіргі уақытта қаруды заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.