Түркістан облысында заңсыз газ тарифі көтерілген

46

«ҚазТрансГаз Аймақ» Түркістан облысында заңсыз газ тарифін көтерген. Облыс прокуратурасы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға заңсыз талап жүктелгенін хабарлады.

Нәтижесінде, газ тұтынудың тәуліктік көлемі артқан кезде оларға әр тәулік үшін 1,2 – 1,5 мөлшерінде жоғары коэффициент қолданылған. Заңнамаға сәйкес мұндай талап тек өнеркәсіптік тұтынушыларға қолданылуы мүмкін.

Прокуратура 37 кәсіпкердің құқығын қорғап, оларға негізсіз өндірілген 4,7 млн. теңге қайтарды.