Түркістанда ауқымды “Тайқазан” гастрономиялық фестивалі өтеді

29

Түркістанда Наурыз мерекесіне орай «Тайқазан» гастрономиялық фестивалі өтеді. Шараны «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырып жатыр.

Ауқымды жобаға 20-дан астам үздік мейрамхана мен дәмханалар қатыстады. Олар ұлттық тағамдар, жергілікті деликатестер мен стрит-фуд дәмділерін ұсынбақ. Фестивальдің бір ерекшелігі – бонус ретінде GastroFest гастро-картасы тегін ұсынылады.

Бұл туристер үшін таптырмас мүмкіндік. Шара соңы концерттік шараға ұласады.