Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы 19 наурыз күні өтетін додаға байқаушы ретінде қатысуға өтініш берген қоғамдық бірлестіктердің құжаттарын қарады.
Олардың қатарында «Болашағы келіскен жарқын ел», «Арыс қалалық әйелдер кеңесі», «Келес ауданының Ауғанстан және локальды соғыс ардагерлері мен мүгедектерінің Одағы» сынды ұйымдар бар. Заңға сай өтініштер облыстық әділет департаментіне жолданған.
Аталған үш қоғамдық бірлестіктің тиісті құжаттары қаралып, аккредиттеуден өткізілді. Айта кетейік, қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу жалғасып жатыр.