Түркістанда шаруаларға 2 млн гектар жайылымдық жер қажет

29

Түркістан облысында 8 млн. гектардан аса жайылымдық жер бар. Алайда әлі 2 млн гектар жер тапшылығы байқалады. Ол үшін жер қатынастары басқармасы жыл сайын мониторинг жүргізіп, бос жатқан учаскелерді мемлекет меншігіне қайтарып келеді. Ал 2024 жылы шаруалар қажеттілігін 1 млн гектарға дейін төмендету жоспарланған.

Түркістан облысында 2 млн 122 мың га жайымдылық жер тапшы. Сондықтан ортақ жайылымдық пен маусымдық жерге көшу жоспарланған. Оған қоса мәселені шешу үшін алдағы уақытта мал бордақылау алаңдары мен сүт фермаларын салуды қолға алмақ. Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысының айтуынша бұл ауылдық жерлердегі жайылымның кеңейуіне өз септігін тигізеді.

Ермек Тілеген, ТО жер қатынастары басқармасының басшысы: «Ортақ жермен қамтылған ауылдық округ саны 25 болған. 114 елі мекен болған. 2022 164 елді мекенге жетті. Жалпы жайылым қажеттілігі 3 млн 119 мың болса, 2022 жылдың басында жоспар бекіткенбіз. Млн 12 мың жерді қайтару жайында. Мемлекект меншігіне қайтару бойынша 405 мың га және мемарандум түзу арқылы 606 мың гектар жер»

Ал өңірдегі жалпы жайылымдық жер аумағы 8 млн. 860 мың гектарды құрайды. Ірі кәсіпкерлер үшін жер жеткілікті. Алайда мал басына шаққанда тапшылық байқалады. Сондықтан облысы басшысы бірқатар олқылықты көрсетіп, нақты тапсырмалар берді.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: «Арыс, Кентау, Келес, Бәйдібек, Қазығұрт, Сайрам, Сарыағаш, Түлкібас, Шардара аудандары бойынша әкімдігі тарапынан дұрыс жұмыс істемеген. Жер қатынастары басқармасы жергілікті әкімдіктерге қажетті деңгейде үйлестіру жұмысын ұйымдастырмаған. Бекітілген жер теліміне жүйелі түрде мониторинг жүргізіп, қараусыз жерлерді мемлекетке айтаруды тапсырамын»

Биыл 330 мың га жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару жоспары бекітілген. Ал 2024 жылы облыстағы жайылым тапшылығы 1 млн 107 мың гектарға дейін төмендейді. Жыл сайын атқарылған жұмыстар нәтижесінде қажеттілік толығымен жойылады.