Зейнеткерлікті оңай рәсімдеңіз

43

Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы ақпарат әр кезде де өзекті. Бұл қызметті рәсімдеу жолдары туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері айтып береді.

Қазір Шымкент қаласында 87 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Зейнетақы, оның ішінде базалық және БЖЗҚ төлемдері мемлекеттік корпорацияға жүгінген күннен бастап тағайындалады. Өтінішті және барлық қажетті құжаттарды тіркеу өтініш берілген күннен бастап саналады.

Зейнетақы төлемдерін тіркеу үшін келесі құжаттар қажет: жеке күәлік, өтініш берушінің жұмыс өтілін растайтын құжаттар. Кей жағдайда қосымша құжаттар қажет болуы мүмкін: білім туралы диплом, әскери билет, неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәліктері, «қандас» мәртебесін растайтын құжат және т.б.

Шымкенттіктерге зейнетақыны рәсімдеу үшін зейнеткерлік жастың толуына 10 күн қалғанда ХҚКО-ға хабарласуға кеңес береміз. 2023 жылдан бастап ер адамдар зейнеткерлікке 63 жаста, ал әйелдер 61 жастан бастап шыға алады.

2022 жылы 65 мыңнан астам шымкенттік жасына байланысты зейнетақы тағайындауға өтініш берді.