Енді қылмыс жасаған азаматтарды ұстау, оларды тиісті орындарға жеткізу сынды процесстер видеожетондар арқылы үздіксіз бейнежазбаға жазылып отырады. Ал азаматтарды құқық қорғау органдарына жеткізу адамның қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар екені дәлелденгенде ғана жүзеге асады. Сондай-ақ азаптау фактілерінің алдын алу мақсатында барлық қылмыстық қудалау органдары арнайы жабдықталған тереземен және қосымша бейнекамералармен қамтылады.
Енді құқық қорғау органдарына жеткізілген азамат орган өкілдерінен зәбір көрген жағдайда, қарсы тараптан метариалдық өтемақы талап ете алады. Мәселен, денесіне ауыр жарақат келтірілген азаматтар, қайтыс болған азаматтардың туыстары, зорлық-зомбылыққа душар болған жәбірленушілер қылмыстық қудалау органдарына өтініш жазып, 30 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейін өтемақы талап ете алады.
Нұрлан Көлбаев, Шымкент қаласы прокуратурасы арнайы прокурорлар басқармасының бастығы: «Сексуалды зорлық-зомбылық және азаптаулар жөніндегі қылмыстар бойынша, адам саудасына қатысты қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер 30АЕК дейін өтемақыны талап етуге құқысы бар. Сол сияқты ауыр дене жарақаты келтірітілген қылмыстық істер бойынша жәберленушілер 40 АЕК дейін, ал жәбірленуші қайтыс болған жағдайда оның туыстары немес заңды өкілі 50АЕК дейін өтемақы талап етуге құқылары бар».
Сонымен қатар, азаматтарды құқық қорғау органдарына жеткізу адамның қылмыстық құқықбұзушылыққа қатысы бар екені дәлелденген жағдайда ғана жүзеге асады. Күдіктіге нақты ұсталған мезеттен бастап құқықтық қорғауға, медициналық көмек алуға және өзінің ұсталғаны туралы туыстарына хабарлауға құқылы екені түсіндіріледі. Ал азаматтарды қылмыстық қудалау органына жеткізу және ұстау процестері видеожетон көмегімен бейнежазбаға жазылады.
Нұрлан Көлбаев, Шымкент қаласы прокуратурасы арнайы прокурорлар басқармасының бастығы: «1 қаңтар 2023 жылдан бастап республика көлемінде азаптаулар жөніндегі қылмыстық істерді тергеп тексеру прокуратура органдарына жүктелді. Осы талаптарға сәйкес қазіргі уақытта осы санатта қылмыстық істерде тергеп тексеру жүргізілуде. Азаматтарды қылмыстық қудалау органдарына жеткізу және әкелу талаптарына бірқатар өзгеріс енгізіліп отыр. Мысалы айтатын болсақ, азаматтарды қылмыстық қудалау органдарына шақыру және жеткізу бейне жетондармен, қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлерімен жүзеге асырылатын болады. Және тек тиісті негіз болғанда ғана алып келеді.»
Енді құқық қорғау органдарының ғимаратына орнатылған бейнекамералар арқылы прокуратура қызметкерлері процесті қашықтан үздіксіз бақылау мүмкіндігіне ие болады. Ал қылмыстық қудалау органдарына жеткізілгеннен кейін ол азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуына сол ғимараттағы кезекші бөлімнің басшысы жауап береді. Сондай-ақ жеткізілген азаматқа тиісті құқықтық және медициналық көмек көрсетіледі.
Нұрлан Көлбаев, Шымкент қаласы прокуратурасы арнайы прокурорлар басқармасының бастығы: «Бұрын біздің тарихымызда болмаған қылмыстық қудалау органының ғимараттарында арнайы тереземен бекітілген. Бейнекамералар орнатылған, қызметтік бөлмелерде жауап алу, тергеу әрекеттерін жүргізу биылғы жылдан бастап бекітіліп, тиісті нұсқаулық енгізілді.»
Азаптау деректерінің алдын алу мақсатында Шымкенттегі барлық қылмыстық қудалау органдары арнайы жабдықталған тереземен және қосымша бейнекамералармен қамтылады. Бүгінде қала бойынша 3685 бейнекамера орнатылған. Оның 286 полиция департаментінде болса, экономикалық тергеу департаментіне 45, ал сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментіне 50, арнайы прокуратура ғимаратына 6 бейнекамера қойылған. Мамандар бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтады.