ЖСДП-нан Парламентке өткен депутаттар белгілі болды

23
ауылдық билік жаңарып келеді

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия парламентке өткен депутаттардың аты-жөнін жариялады, деп хабарлады саяси бірлестіктің баспасөз қызметі.

Саяси кеңестің шешімімен тізімге:

Нұрлан Әуесбаев – партияның елорда филиалының төрағасы;

Асхат Рахымжанов – партия төрағасы;

Ажар Сағындықова – Павлодар облысындағы ЖСДП штабының басшысы;

Наурыз Сайлаубай – Талдықорған жастар ресурстық орталығының басшысы енді.

Еске сала кетейік, Amanat парламенттегі орын саны бойынша көш бастап тұр – билеуші ​​партия 40 мандатқа ие болды. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 8 мандат, Respublica мен «Ақ жол» демократиялық партиясы 6 мандаттан алды. Қазақстан халық партиясы (ҚХП) – 5 мандат.
19 наурызда мәжіліс сайлауы өтіп, дүйсенбі, 27 наурызда Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындысын шығарды.