Еңбек министрлігі «Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтердің шекті деңгейін бекіту туралы» бұйрығын жариялады.«Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатқа сай, енді облыстық және республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органында тіркелген жұмыссыздар үшін берілетін төлем:
— бірінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 35 000 теңгеден көп емес;
— екінші және үшінші санаттағы жұмыссыздаp үшін – 43 750 теңгеден көп емес.
Ал, тиісті облыс, аудандық маңызы бар қала ауданының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органында тіркелген жұмыссыздар үшін берілетін төлем:
— бірінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 43 750 теңгеден көп емес;
— екінші және үшінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 52 500 теңгеден көп емес.
Бұйрық 12 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.