Зияткерлік күнінде парасаттылық пен даналық дәріптелді

40

Шымкентте өтіп жатқан Әз Наурыздың бүгінгі Зияткерлік күні жастарды білімге, салт – дәстүрді құрметтуге, ұлттық құндылықтарымыз бен мәдениетімізді дәріптеуге бағытталған шаралармен айшықталуда.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Зияткерлік күніне орай А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапхана алаңындағы «Қош келдің әз – Наурыз!» мерекелік іс – шарасына қатысты.
Зиялы қауым өкілдері, ақын – жазушылар, кітапхана оқырмандары мен қала тұрғындары өскелең ұрпақты даналық пен парасаттылыққа шақыратын шаралар барысында зияткерлік ойындарды, кітап көрмелерін тамашалады.
Сондай-ақ қолөнер жәрмеңкесі мен ашық аспан аясындағы сурет көрмесінде ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, салт-дәстүріміз дәріптелді.
Ұлыстың Ұлы күні қарсаңындағы іс шарада ұлттық оркестр, ұлттық ән мен биден шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, салт-дәстүр қойылымдары қойылды.
Наурыз мерекесіне орайластырылған «Қызыл Трактор» алдында концерт пен ауылдың алты ауызын шырқаған әжелердің әндері көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.